Испанияда пойыз апатынан 39 адам қаза тапты

Испанияда екі жүрдек пойыз рельстен шығып кетіп, 39 адам опат болды, Тағы 100-ге жуық азамат зардап шекті...

Jan 19, 2026 - 19:38
 3
Испанияда пойыз апатынан 39 адам қаза тапты

Xchars BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды:
Испанияда екі жүрдек пойыз рельстен шығып кетіп, 39 адам опат болды. Тағы 100-ге жуық азамат зардап шекті. Қайғылы жағдай Кордова провинциясының Адамус елді мекенінде болған. 317 жолаушысы бар пойыз Мадридке бет алған. Кенеттен шойын жолдан шығып, қарсы келген пойызбен соқтығысады. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жарақат алғандар жайлы ақпарат нақтылануда. Мадрид пен Андалусия арасында жүрдек пойыздардың қозғалысы уақытша шектелді.

admin Admin is the editor and author of the informational and educational portal Xchars. The website publishes articles on current topics related to technology, science, economics, and society. The main goal of the portal is to provide readers with reliable, fact-based, and easy-to-understand information.