Елде шетелдік студенттердің саны артады

Қазір өзге мемлекеттерден келген 35 мыңнан астам азамат Қазақстандағы университеттерде білім алып жүр.

Jan 25, 2026 - 21:24
 2
Елде шетелдік студенттердің саны артады

Xchars хабарлайды:
Қазір өзге мемлекеттерден келген 35 мыңнан астам азамат Қазақстандағы университеттерде білім алып жүр.  2029-шы жылға қарай олардың санын 100 мыңға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Ол үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі «Study in Kazakhstan» жобасы арқылы Вьетнам, Үндістан, Индонезия және Біріккен Араб Әмірліктері секілді бірқатар елде ақпараттық науқан жүргізіп жатыр. Шетел азаматтарының Қазақстанға қызығушылығының артуына байланысты, ведомство биыл «Study in Kazakhstan» цифрлық платформасын іске қосуды жоспарлап отыр.