Гормоналды тепе-теңдік және әйел денсаулығы
Гормоналды тепе-теңдік - ағзадағы гормондардың өзара үйлесімді деңгейде жұмыс істеуі. Ол әйелдің физикалық, эмоциялық және репродуктивті денсаулығына тікелей әсер етеді.
Гормоналды тепе-теңдік - ағзадағы гормондардың (эстроген, прогестерон, пролактин, тестостерон, қалқанша без гормондары т.б.) өзара үйлесімді деңгейде жұмыс істеуі. Ол әйелдің физикалық, эмоциялық және репродуктивті денсаулығына тікелей әсер етеді.
Негізгі гормондар және олардың рөлі
- Эстроген – етеккір циклі, сүйек саулығы, тері мен шаштың күйі.
- Прогестерон – циклдің екінші фазасы, жүктілікке дайындық.
- Пролактин – сүт бездерінің қызметі.
- Тестостерон – энергия, бұлшықет күші (аз мөлшерде қажет).
- Қалқанша без гормондары (T3, T4) – зат алмасу, салмақ, шаршау деңгейі.
Тепе-теңдік бұзылса не болады?
- Етеккірдің тұрақсыздығы немесе ауырсынуы
- Терінің мәселелері (безеу), шаштың түсуі
- Көңіл-күйдің жиі өзгеруі, ұйқының бұзылуы
- Шаршау, салмақтың тез өзгеруі
- Болашақта репродуктивті қиындықтар
Гормоналды тепе-теңдікті сақтаудың жолдары
- Дұрыс тамақтану: ақуыз, пайдалы майлар (омега-3), көкөніс-жеміс
- Ұйқы: 7–9 сағат
- Қозғалыс: тұрақты, бірақ шамадан тыс емес
- Стресті басқару: тыныс алу, демалыс, хобби
- Медициналық бақылау: белгілер болса, маманға көріну
Қашан дәрігерге қаралу керек?
- Етеккір 3 айдан артық келмесе
- Қатты ауырсыну, ерекше қан кету болса
- Кенет салмақ өзгерсе немесе үнемі шаршау сезілсе